About

«Луч» ЖШС

Біз  бүгін, ертең және әрқашан біргеміз.

«Луч» стоматологиялық компаниясының тарихы – бұл ынта-жігерге, кәсібилікке және адамдарға денсаулық пен әдемі күлкі сыйлауға деген ұмтылысқа негізделген компанияның тарихы. Компания бірнеше адамнан құралған шағын стоматологиялық фирмадан, Қазақстандағы аса ірі жеке стоматологиялық компаниялардың біріне дейінгі жолдан өтті.

Компания 1999 жылы құрылды. Бәсекелестікке, экономикалық дағдарыстарға қарамастан, қазіргі уақытта «Луч» ЖШС заманауи стоматологиялық мекемелер желісіне айналды. Қызметтерінің ауқымы біртіндеп кеңейе түсті. Осылайша, 2000 жылы баспа басылымы – «Стоматологиялық Хабаршы» газетінің бірінші нөмірі шықты.

Алматыда бүгінгі күні 4 сауда нүктесі жұмыс істейді (стоматологиялық супермаркет, бьюти бутик және 2 дүкен), Қазақстанның облыс орталықтарында 17 сауда залы бар 14 филиалы, аймақтық орталықтардағы 3 өкілі, Алматы қаласындағы оқу орталығы, сервистік орталығы жұмыс істейді. Бүгінгі күні штатта 140 қызметкері бар.

Өндірушілермен табысты ынтымақтастық "Луч" мамандарының жаңа материалдар мен жабдықтардың артықшылықтары туралы хабардар болуының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Ал тікелей жеткізілімдері нарыққа ең үздік сапалы өнімдерді ұсынуға мүмкіндік береді.

«Луч» компаниясы жылдық айналымының кемінде 5%-ын жаңа препараттар мен материалдарды тестілік зерттеулерге, маркетингке бөле отырып, Тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, ассортиментін кеңейтуге ұмтылуда.

«Луч» Қазақстанның қоғамдық және стоматологиялық бірлестіктерімен және Республикамыздың ғылыми әлеуетін танытып жүрген мамандармен тығыз ынтымақтастықта.

Біздің серіктестеріміз — олар бүкіл дүние жүзіне белгілі Компаниялар: Dentsply Sirona, 3M, Ivoclar, Kerr, FONA, SpofaDental, ВладМиВа, Zhermack, Everall7, Produits Dentaires, Truewin Industries, Nakanishi (NSK), Siladent, Renfert, Mesa, Acteon, Degu Dent, Pierrel Pharma, ASA Dental, Philips, Мегатэкс, Medit, Kaeser, Formlabs, Smile Line, Kerox, DMI, Кристи, Zumax, Rextar, Spident, Septodont, Feguramed, GC, D-Tec, Polirapid, MANI, UGIN, bredent group, Favodent, TOP BM, Jota, Upcera, E-Plus3D, Zotion, Scheftner, Naberterm, Euronda, AJAX, Pastelli, Woodpecker, Касимов аспаптар зауыты, Геософт, Икадент, Komet, Dental Technologis, Целит, Анис-дент және көптеген басқа да компаниялар.

Стоматологиялық дүкендер

«Луч» компаниясының дүкендерінде заманауи стоматология өндірісінің бүкіл топтамасы – Ресейден, Еуропадан, АҚШ-тан және Қытайдан әкелінетін материалдар, аспаптар ұсынылады. 40-тан астам сатушы менеджер жұмыс істейді. Осының барлығы клиенттерге қызмет көрсетудің анағұрлым ілгері, көпсалалы тәсілін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бүгінде біздің қызметкерлеріміз іс жүзінде кез келген мәселені және ең талғампаз клиенттердің сұраныстарын шеше алады. Клиенттерге ілтипаттылық, адалдық және кәсібилік – бұл компанияның басты қасиеттері. Қызмет көрсетудің кешенді тәсілі және бүкіл ұжымның үйлесімді жұмысы клиентке сапалы қызмет көрсете отырып, кез келген жағдайда көмектесуге мүмкіндік береді.

Филиалдары және өкілдіктері

Компанияның филиалдары мен өкілдіктерінің географиясы ауқымды – олар Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент, Талдықорған, Жезқазған, Балқаш қалаларында бар.

«Луч» ЖШС бөлшек сауда желісін тұрақты түрде кеңейте түсіп, әлемнің жетекші өндірушілерінің өнімдерін әрбір Қазақстандық стоматолог үшін қолжетімді етіп отыр.

Біз бүгін де, ертең де және әрқашан да біргеміз!